Сетевое сообщество «Лидеры образования. СКО»
Меню сайта

Наш опрос
Сфера вашей деятельности
Всего ответов: 72

Статистика
Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Форма входа

Календарь
«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Информеры
Погода в Казахстане

Архив записей

Приветствую Вас, Гость · RSS 29.03.2024, 15:35

Главная » 2016 » Ноябрь » 14 » Коучинг семинар Баелова Дина Набиевна
09:34
Коучинг семинар Баелова Дина Набиевна

 

«Бірінші гимназия» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг тақырыбы:

«Дарынды және талантты балалармен жұмыс сапасын арттыру»

(Жас мұғалімдер семинарына арналған коучинг)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Өткізген: жоғары біліктілік деңгейдегі

                                   жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

                     Баелова Дина Набиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл- 2016ж.

Жас мұғалімдер семинарына арналған коучинг

Коучинг тақырыбы: Дарынды және талантты балалармен жұмыс сапасын арттыру.

Мақсаты: Дарынды және талантты балаларды анықтау жолдарын қарастыру. Мәселелерді бірлесіп шешуге бағыттау.

Күтілетін нәтиже: Дарынды және талантты балаларды анықтау арқылы олардың қабілеттерін дамытуға көмек көрсетеді.

Ресурстар: сөздер, маркер, тапсырмалар, постерлер, бейнеролик, слайд.

Оқыту әдістері: оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, коучинг, АКТ, диалог, жеке жұмыс, топтық жұмыс, кері байланыс, өзара бағалау.

1 – кезең. Мұғалімдерді ортаға шақырып, психологиялық ахуал тудыру

«Қара жорға» биін билеу.

2- кезең. Мұғалімдерге өздерінің есімдерінің бастапқы бас әріптерінен басталатын тілек сөздерін айтқызу.

3- кезең. Түрлі түсті кәмпиттермен топқа бөлу.

4- кезең. Топтың ережесін шығарту.

5- кезең. «Миға шабуыл» әдісі. Тыңдалым әрекеті (Ең алдымен мұғалім сөздерді оқып шығады, естерінде қалған сөздерді ауада жазады және жатқа қағазға жазады.

Мектеп, балабақша, оқулық, тапсырмалар, кино, аспан, әуежай, жапсырма, Бурабай, құрылысшы, досым, пәтер, хабарландыру,сүйіспеншілік, ерлік, жұмыс, ақылшы, ұста, дыбыс,  жиналыс. (20 сөз). Өздерін өздері тексереді және сөз санын санайды.

С= барлық сөз саны (20)

А – мұғалімнің жазған сөз саны (?)

В – әр сөз 10 ұпаймен саналады. ? х10= ?

 

 

 

6- кезең. Әр топқа постермен жұмыс істеу үшін конверттен

1. «Дарынды оқушы қандай болады?»   

2. «Талантты оқушы қандай болады?» деген сұрақтардың мағынасын постер арқылы қорғау. (қағаз таратылады).

 

Топтарға сұрақтар қою: (ауызша жауап береді).

1. Дарындылық дегеніміз не?

2. Дарынды және талантты оқушыны қалай анықтауға болады?

3. Қандай тапсырмалар арқылы олардың қызығушылығын арттыруға болады?

 

 

 

 

7- кезең. Көріп есте сақтауға арналған сөздерді слайдттан оқиды және жатқа жазады. (30 секунд беріледі).

Мұғалім, оқушы, география, әдебиет, жүгіру, қайталау, қонақта, демалыс,отбасы, қайырымдылық, балабақша, киімдер, гүлдер, мейірім.

 

 

 

8- кезең. Жадыны (есте сақтауды) дамытуға арналған тапсырмалар. (Слайдта қандай суреттер берілген, атауларын жазбаша жазыңдар).

 

 

 

 

 

 

9- кезең. Киіз үйдің ішінен «Дарынды», «Талантты» сөздерін құрастырып өлең шығару және әнге салып айту. (5 минут уақыт беріледі.)

 

 

 

 

 

 

 

 

10 – кезең. Дарынды және талантты балалармен жұмыс сапасын арттыру үшін «Күрішпен эксперимент» бейнетаспасын тамашалау. Бейнетаспадан не көрдіңіздер? Әр топ өз пікірлерін айтады. Дәлелдейді. Айтқан ұсыныстарды қайталамау қажет.

11- кезең. Сауалнама өткізу.

12 –кезең. Кері байланыс парағын алу.

Назарларыңызға рақмет!

 

Просмотров: 1300 | Добавил: bitl-b | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz