Сетевое сообщество «Лидеры образования. СКО»
Каталог файлов
Меню сайта

Категории раздела
Печатные статьи [15]
Lesson study [34]
Среднесрочное планирование [13]
Новые подходы в преподавании и обучении [6]
Коучинг [14]
Планы по развитию лидерства [2]
Страница ментора [3]

Наш опрос
Сфера вашей деятельности
Всего ответов: 72

Статистика
Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Форма входа

Информеры
Погода в Казахстане

Приветствую Вас, Гость · RSS 07.05.2024, 21:22

Главная » Файлы » Печатные статьи

Ұстаздардың біліктілік білімдерін жоғарлату –жаңа білім берудің сапасының шарты
[ Скачать с сервера (38.2 Kb) ] 15.01.2014, 13:29

Ұстаздардың біліктілік білімдерін

жоғарлату –жаңа білім берудің сапасының шарты

(ғылыми мақала)

                                                                                                                                                                                  Баймуқанова Зоя Қабланқызы

                                                                         Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Баймұқанова Зоя Қабланқызы

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Петропавл қаласындағы №4 орта мектеп,

СҚО, Петропавл қаласы, Н.Болатбаев көшесіндегі 28-89

 

 

Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.

Білім туралы жаңа заң және оған сәйкес Қазақстан Үкіметінің тиісті қаулыларының жобасы жасалды. 2003 жылдан бастап 12 жылдық білім жүйесі бойынша орталық құрылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтары болып табылады.

         Ұстаздардың біліктілік білімдерін жоғарлату –жаңа білім берудің сапасының шартына қойылатын мақсаттар: Жаңа заманауи сабақтарды қалыптастыру және де өзгерген жаңа тұлға мұғалімнің құзыреттілігін, жаһандық ойлау және локальді әрекет ету –бұл нақты жағдайларды саналы қабылдау.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылған басты міндеттердің бірі-бүкіл

білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай

тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -деп атап көрсетті. Қазіргі заман талабына сай білім сапасын арттыру жолында мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіби дәрежелерін ақпараттық технологияларға сай көтеріп, дамыту еліміздің білім беру саласындағы басты мақсаты. 

Білім беру жағдайында мұғалім қызметі жаңа мазмұнға ие. Ол оқу ақпаратын хабарлаушы, оларды қайта айтып беруге жаттықтырушы емес, ол бағыт беруші, басқарушы, оқушының ізденіс қызметінің көмекшісі, сараптаушысы.

XXI ғасырдың ұстазы қандай деңгейде болуы қажет деген сауал жиі қойылады. Өскелең жас мемлекетімізге білікті маман қажет. Әр мұғалім білім беру саласындағы нормативтік-құқықтардың заңдылығын білгені міндетті. Педагогтік оқытудың жаңа ақпараттық, педагогикалық технологиясын жете меңгеріп, ғылыми-шығармашылық ізденіспен еңбек ететін ұстаз ғана жетістікке жетеді.

Білім беру жүйесіндегі ұстаздың атқаратын міндеті мен ролі күрделірек. Қазіргі уақыттағы педагог негізінен, білім беру, яғни ақпарат ұсыну көзі болып келеді. Оқушы білімге қатысты мәліметті мұғалімнен алады. Бұдан былай педагог менеджерге, оқу ісін ұйымдастырушыға айналады. Ол әр баланың жеке қабілеттерін ескере отырып, танымдық қызығушылығын ынталандыру арқылы дамытуға, оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға міндетті.

Категория: Печатные статьи | Добавил: bitl-b
Просмотров: 1977 | Загрузок: 252 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz