«№4 орта мектеп» КММ
Физикадан 45-Халықаралық олимпиада өтуіне, PIZA-2015, TIMSS-2015 халықаралық зерттеулеріне арналған
«Физика сабақтарында жұмыстың жаңа амал-тәсілдері, түрлері және әдістері» тақырыбы бойынша физика мұғалімдерінің облыстық семинары
Петропавл
17 сәуір 2014 жыл
«Физика сабақтарында жұмыстың жаңа амал-тәсілдері,
түрлері және әдістері» тақырыбы бойынша семинарды өткізу жоспары
Семинар мақсаты:
|
физика сабақтарындағы жаңа амал-тәсілдер, түрлер және әдістер туралы түсінік беру
|
Семинардың күтілетін нәтижелері:
|
мұғалімдерге«Қалай оқу керектігіне оқыту», «Диалогтік оқытуға» оқытудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет беру, өз бетінше табысты оқу үшін әдістер, тәсілдер және стратегиялар туралы түсінік алу.
|
|
|
|
Семинардың негізгі идеялары:
- РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
(2012-2016 жылдарға оқушылардың фунционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша іс-қимылдың ұлттық жоспарынан үзінді)
- Қалай оқу керектігіне оқыту метатануға негізделеді. Метатану – тұлғаның ойлау және оқуын бақылау, бағалау және өзгертуге қабілеттілігі;
- Диалогтік оқыту– мұғалімнің оқу материалын түсіндіру және оқушылардың оны меңгеру мақсатымен оқу материалдарын даярлаудың және хабарлайтын әңгіменің белгілі регулятивті ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқудың амал-тәсілі. Диалогтік оқыту оқушыларды проблема қоюға және оларды шешуге қатысуға, олардың оқу қызметін белсендіруге түрткі болады деп жорамалдайды;
- Мұғалімдер күштері мен назарларын өз оқытуына емес, білім алушылардың оқу ептіліктерін дамытуға жұмылдырады;
- Білім беру ортасы ақпаратты енжар қабылдауға емес, оқу үрдісіне белсенді қатысуға көмектеседі.
- Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік қарым-қатынасты дамытуға, тиімді қарым-қатынас жасауға және проблемаларды шешу дағдысын дамытуға көмектеседі.
- Оқушыларды алған ақпаратты ойластыру және талқылауға ынталандыруда, өз пікірін қорғауға және басқалардың пікірін түсінуге топта жұмыс істеу тиімді.
№
|
Іс-шара
|
Өткізу уақыты
|
Қатысушылар санаты
|
Өткізу орны
|
Жауаптылар
|
1
|
Қонақтарды қарсы алу және тіркеу
|
8:30-9:00
|
|
1 қабат
|
Клювак Татьяна Михайловна
|
2
|
Қонақтармен сәлемдесу, құттықтау
|
9:10-9:20
|
Семинарға қатысушы-лар
|
46 каб.
|
Жұмабаева Нұрикамал Хакімқызы – «ӘЖО және
ақпараттық технологиялар»КММ әдіскері
Бөстекова Ғафура Сабырқызы – « №4орта мектеп»КММ директоры, жоғары санатты физика және математика мұғалімі, ағарту ісінің үздігі
|
3
|
Баяндама:
«Жұмыстың жаңа амал-тәсілдері, түрлері және әдістері-оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін факторлардың бірі»
|
9:20-9:30
|
Семинарға қатысушы-лар
|
46 каб.
|
Килоева Наталья Васильевна – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары, жоғары санатты физика мұғалімі
Шомченко Ольга Владиславовна – екінші санатты физика және информатика мұғалімі
|
4
|
Коучинг:
«Физиканы оқытудағы жаңа амал-тәсілдер»
|
9:30-10:30
|
Семинарға қатысушы-лар
|
24 каб.
|
Килоева Наталья Васильевна – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары, жоғары санатты физика мұғалімі
Шомченко Ольга Владиславовна – екінші санатты физика және информатика мұғалімі
|
5
|
№1-Lesson Study
«Состав атомного ядра. Ядерные силы»
|
10:50-11:35
|
9 «Б»
|
24 каб.
|
Килоева Наталья Васильевна – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары, жоғары санатты физика мұғалімі
|
6
|
№2 -Lesson Study «Электрический ток в различных средах»
|
10:50-11:35
|
10 «А»
|
28 каб.
|
Шомченко Ольга Владиславовна – екінші санатты физика және информатика мұғалімі
|
7
|
Диалогтік алаңқай. Пікір алмасу.
|
11:40-12:00
|
Семинарға қатысушы-лар
|
24 каб.
|
Бөстекова Ғафура Сабырқызы – « №4орта мектеп»КММ директоры, жоғары санатты физика және математика мұғалімі, ағарту ісінің үздігі
Килоева Наталья Васильевна – директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары, жоғары санатты физика мұғалімі
Шомченко Ольга Владиславовна – екінші санатты физика және информатика мұғалімі
|
8
|
«Робототехника» үйірмесінің
көрсетілімі
|
12:00-12:30
|
Семинарға қатысушы-лар
|
28 каб.
|
Уәлиев Данияр Серікұлы– «№16 орталау мектеп»КММ директоры, физика және информатика мұғалімі
|
|