САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті
Бөлім: Қуат көзін үнемдей білесіз бе?
Тақырып: Б.Сүлейменов «Күннен келген адам» кітабы (үзінді) (2сағат)
|
Мектеп: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
«Бірінші гимназия» КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты – жөні: Баелова Дина Набиевна
|
СЫНЫП: 6
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
6. Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.
6.Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба – кестелер жасау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
- Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
- Мәтінге байланысты негізгі ақпаратты анықтайды.
- Қарапайым сұрақтар құрастырады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
- Мәтіннен негізгі ойды анықтайды.
- Мәтінге байланысты қосымша ақпаратты табады.
- Постер құрастырады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
- Мәтінде көтерілген мәселені түсініп, заманауи технологиялармен байланыстырады.
- Мәліметтерді жинақтайды.
- Сызба – кестелер жасайды
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
|
- мазмұндайды.
- негізгі және қосымша ақпараттарды табады.
- постер, сызба – кестені қорғайды.
- көтерілген мәселені заманмен байланыстырады
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Қуат , баламалы, энергия, жұмбақ, ғаламшар, күй, тіршілік, қап
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қуат көзі, баламалы энергия, Жердегі тіршілік, Табиғат – ана, жұмбақ ел, қою түтін, улы газ
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Күннен адам қалай келеді?
- Егер мен басқа ғаламшарда өмір сүрсем не істер едім?
- Фантастикалық шығарма дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қазіргі кезде мектептерге жаңа технология бойынша қандай пән енгізілуде ? (робототехника)
|
Не себепті ... деп ойлайсыз?
- Жер бетіндегі өмір мен басқа ғаламшардағы өмірдің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
|
ишара: «Бас бармақ» әдісі
|
Алдыңғы оқу:
|
М.Жұмабаевтың «От» өлеңін біледі.
|