Сетевое сообщество «Лидеры образования. СКО»
Каталог файлов
Меню сайта

Категории раздела
Печатные статьи [15]
Lesson study [34]
Среднесрочное планирование [13]
Новые подходы в преподавании и обучении [6]
Коучинг [14]
Планы по развитию лидерства [2]
Страница ментора [3]

Наш опрос
Сфера вашей деятельности
Всего ответов: 72

Статистика
Яндекс.Метрика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Форма входа

Информеры
Погода в Казахстане

Приветствую Вас, Гость · RSS 14.05.2024, 18:35

Главная » Файлы » Lesson study

Lesson study по казахскому языку: Қорықтар. Етістік райлары
[ Скачать с сервера (1.72 Mb) ] 08.12.2014, 06:50

СҚО, Петропавл қаласы                                   «№4 орта мектеп» КММ                                          Бектембаева Ж.Б., 3-деңгей

Сабақ тақырыбы:Қорықтар. Етістік райлары

Сабақмақсаты: Топта жұмыс істеу барысында оқушыларды зерттеушілік әңгімеге қатыстырып, Қазақстан қорықтары туралы оқушылардың білімдерін жинақтау, мәтін, түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін жетілдіру, тілдің коммуникативті қызметін арттыру.Етістіктің  бұйрық райын  еске түсіріп, қолдану аясын кеңейту.

Міндеттері:1.Қорықтар туралы мәліметпен танысып, сөздік қорды молайту

2.Тақырып аясында ізденісте болып, өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу,сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруге жаттықтыру

3.Еліміздегі қорықтардың қажеттілігі мен пайдасын түсінуге бағыттау

Мәселе: Егер елімізде жақын арада қорықтар саны көбеймесе, табиғат байлығы біртіндеп жойылады

Сабақтың әдіс-тәсілдері:жұппен, топпен жұмыс,түсіндіру,диалогтік оқыту,сыни тұрғысынан ойлау

Сабақтың ресурстары: оқулық, үлестірмелі материалдар,презентация, видеоресурс, ватман, түрлі түсті маркерлер, стикерлер

Күтілетін нәтиже:оқушылар тақырып аясында іздене алады, қорықтар туралы айта біледі, тақырып төңірегінде сөздік қорын пайдалана алады,берілген сұрақтарға толық және дұрыс жауап беріп,өз ойларын айтып, дәлелдей алады

Уақы-ты

Сабақ кезеңдері

Педогог қызметі

Оқушы қызметі

Ұйымдастыру формалары

Бағалау

 түрі

2мин

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу

-түгендеу

Психологиялық ахуалды жасау:

- Егер патриот болсаң, мақтан ет        

- Егер сыныпта достарың болса, сәлемдес

- Егер көңілің жақсы болса, көрсет

 

Оқушылармен сәлемдеседі

Сыныптағы оқушыларды түгендейді

Психологиялық атмосфераны орнатуға тырысады

Мұғаліммен сәлемдеседі

 Шеңбер аясында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды

Сыныппен

Мұғалім бағалауы

10мин

II.Өткенді қайталау

1.Сұрақ-жауап

-Модуль тақырыбы қалай аталады?     -Тақырыптағы етістік нені білдіреді?

-Сол етістікті өзіңе етіп қалай өзгертесің? Ал досыңа ше? Сыныптастарың не істеу тиіс?

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғатты қорғау кімнің міндеті?

-Оны қорғау үшін не істеуіміз жөн?

-Халық табиғатты кімге теңеген?

-Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдерді келтіруге болады?

 

Мұғалім сұрақтарды  ұсынады.Жауаптарды белгілеп тыңдайды,         орындау барысын бақылайды

 

Сұрақтарды оқып тыңдайды,жауаптарды береді,бір-бірінің  жауаптарын бағалап отырады

 

 

 

Жұппен жұмыс

 

 

 

 

 

Бір – бірін

 

 

 

20мин

III.Жаңа тақырып

1)Ой шақыру: тақтада берілген әріптердіәліпби ретімен қойып, жасырын сөзді анықтау О,Ы, Қ,Р, Қ

2) Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау:қалай ойлайсыңдар,не туралы сабағымыз,қандай мақсатқа жетуіміз керек?

3)Сабақ тақырыбын ИТ-ға шығару

 

 

 

4) Тапсырманы орындау:

- «Қорықтар дегеніміз не?»  сұрағына оқулық арқылы жауап беру( Оқулық, 233 – бет)

- Оқулықтағы 234 – беттегі соңғы абзацпен танысып, қорықтар жалпы қандай мақсатпен құрылады екенін  анықтап  беру.

5) Нәтижесін тексеру:

-бірнеше жауаптарын тыңдау

-ИТ арқылы дұрыс нұсқасын көрсету

 

 

6) Сыныпты топтарға бөлу:

- үш зерттеуші тағайындалады. Олар өздеріне топ таңдайды

7) Ой шақыру: Сабақ тақырыбы және зерттеушілер қалай байланысады?

8) Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс:

- Үлестірмелі материалмен танысу (А4 парағы)

- Тапсырмаларды орындау (Постер)

1. Не? Қашан? Қайда?

2. Атлас арқылы қорықтар картасын құру (стикерлермен)

3. Қайда? Нелер тіршілік етеді? (әр топ 3 қорық бойынша жұмыс жасап, қорытынды шығарады)

Егер елімізде жақын арада  жаңа қорықтар ашылмаса, табиғат байлықтары азаяды. Ал бізге табиғатты  болашақ ұрпаққа сақтау керек. 

 

1.ИТ арқылы әріптерді ұсынады,оқушыларға атап айтқызады,өз ойларын білдіруге итермелейді.

2.Сабақ тақырыбын шығаруға мүмкіндік туғызады.

 

3. Оқушыларға оқытқызу,аударту, жұмыс дәптерлеріне жазғызу

 

4. Тапсырманы тусіндіріп береді, орындау барысын бақылайды.

 

 

 

 

 

5. Мұғалім бірнеше оқушыға жазғанын оқытқызады

 

 

6. Мұғалім топқа бөліну шартын түсіндіріп береді

 

7. Сұрақ ұсынады

 

8. Үлестірмелі материал ұсынады

1. Тапсырмалардың орындау барысын түсіндіреді.

2. Орындау барысын қадағалайды

3. Тапсырманы түсіндіреді, қажет болса, көмек көрсетеді.

1.Тапсырманы орындап,

өз ойларын айтып береді.

 

2.Сабақ тақырыбын, мақсатын шығарып алады

 

3.Тақырып атауын оқиды,аударады, жұмыс дәптерлеріне жазады

4.Тапсырманы орындайды

 

 

 

 

 

 

5.Бірнеше оқушы жазған жауаптарын оқып береді, ИТ арқылы салыстырады

 

6. Оқушылар 3 топқа бөлінеді

 

7. Топта сұрақты тал-қылап, жауап ұсынады

8. Үлестірмлі материалмен танысады. 1. Топта тапсырмаларды орындайды

2. Қорықтар картасын құрастырады, қорғайды

 

3. Тапсырманы орындайды, қорытынды шығарып, қорғайды

Сыныппен

 

 

 

Сыныппен

 

 

 

 

 

 

 

Жеке

 

 

 

 

 

 

 

Жеке

 

 

 

 

Сынып түгел

 

 

Топпен

 

Топпен

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім бағасы

 

 

 

Бір-бірін

 

 

 

 

 

 

 

Бір- бірін

 

 

 

 

 

 

 

Өз-өзін

 

 

 

 

 

 

 

Топтар бір-бірін бағалайды

Өзара топтық бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин.

IV.Сергіту сәті

ИТ арқылы видеоресурс ұсынады

 

IV.Сергіту сәтін ұйымдастырады

 

IV.Сергіту сәтін орындайды

 

Сынып түгел

 

 

7 мин.

V. Қорытынды

Блиц сұрақтары: әр топ өз мәтіндері бойынша 3 сұрақ құрастырып, қарсылас топтарға ұсынады

 

 

V. Мұғалім тапсырманы түсіндіреді, орындатады.

 

V. Сұрақтарды құрастырады. Қарсылас топтарға ұсынады, жауаптарын бағалайды

 

Топпен

 

Топтар бір-бірін бағалайды

 

3 мин.

VI. Рефлексия:  куб арқылы берілген ойды жалғастырып аяқтау:

- Мен үшін ... жаңалық болды

- Өз тобымды ... бағалаймын, себебі

- Мені ... таңғалдырды

- Маған сабақ ұнады, өйткені

 

VI. Куб арқылы рефлексияны ұсынады, ойларды айтқызады

 

VI. Куб арқылы сабақтан алған өз әсерін білдіреді

 

Жеке

 

Мұғалім бағалауы

 

2 мин.

VII. Үй жұмысын беру:

I деңгей:

-«Табиғатты қорғау үшін мен не істей аламын?» тақырыбына эссе жазу

II деңгей:

- Қорықтар туралы 5 жолды өлең құрастыру

III деңгей:

- Оқулықтағы 234-беттегі сұрақтарды пайдаланып диалог құрастыру

 

VII.  Үй жұмысын түсіндіріп береді, күнделікке жазғызады

 

VII.  Үй жұмысының мазмұнын тыңдап алады, күнделікке жазады

 

Сынып түгел

 

 

Категория: Lesson study | Добавил: bitl-b
Просмотров: 1615 | Загрузок: 70 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Copyright MyCorp © 2024
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz