Коучинг сабағының қысқа мерзімді жоспары. «Бірінші гимназия» КММ. Баелова Д.Н., Шегірова З.Қ.
17.05.2018, 05:59
Коучинг сабағының қысқа мерзімді жоспары
Күні: 23.10.2017ж.
Өтетін орны:
Петропавл қаласы, «Бірінші гимназия» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері:
Баелова Дина Набиевна
Шегірова Зейнеп Қамбаровна
Коучинг тақырыбы:
Жаңартылған оқу бағдарламасы. Қалыптастырушы бағалау техникаларын тиімді қолдану.
Мақсаты:
Коучинг қатысушыларына «оқуды бағалау» (суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.
Оқыту нәтижесі:
Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу.
Сілтемелер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, слайдтар, ғаламтор материалдары.
Негізгі идеялар:
Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критериалды бағалау, критерий, дескриптор